"Сен елбасысың, кереметсің дегенге иә, мен сондаймын деп отыру – ақымақтық" - Дархан Әбдік (ВИДЕО)

"Дені психологиялық тұрғыдан сау адам біреу мақтаған кезде кем дегенде секем алу керек. Әйтпесе, жиіркенуі керек", - дейді ол.

"Сен елбасысың, кереметсің дегенге иә, мен сондаймын деп отыру – ақымақтық" - Дархан Әбдік (ВИДЕО)
фото: ult.kz

Белгілі журналист Дархан Әбдік бір сұхбатында мақтауға масаттанудың дені дұрыс адамның әрекеті емес екенін айтқан. Ол видеосұхбаттан үзіндіні қоғам белсендісі Серік Абас-шах өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлады paryz.kz.

"Энштейнді бір қонаққа келген кезде елдің бәрі қойма-қоймай мақтапты. Сонда Энштейн айтқан екен, "Егер мен сіз айтқан сөздердің бәріне сеніп отыр деп ойласаңыз, онда сіз мені ақымақ деп есептейтін шығарсыз" деп. Адамды біреу неге мақтайды? Өзінің пиғылы, мүддесі үшін мақтайды. Мақтауға сену – ақымақтықтың бірінші белгісі. Егер сені жұрт "Ойбай, сен елбасысың, кереметсің, осы елді жарылқаған сенсің" деген кезде, "Иә, мен сондаймын" деп отырсаң, онда сен ақымақсың деген сөз. Дені психологиялық тұрғыдан сау адам біреу мақтаған кезде кем дегенде секем алу керек. Әйтпесе, жиіркенуі керек", - дейді Дархан Әбдік.

Ал Төлен Әбдіктей классик жазушының ұлы, өзі де қаламын суытып көрмеген жан-жақты білім-білігі бар азаматтың бұндай сөзді ойсыз отырып айта салмасы анық...