Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Назарбаев Тасмағамбетовты ізін басушы ретінде қарастырған - Ертісбаев

"Тоқаевқа қарағанда, Иманғалидің мінезі қаттылау әрі нәзік..."

Назарбаев Тасмағамбетовты ізін басушы ретінде қарастырған - Ертісбаев
фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев Иманғали Тасмағамбетовты ізін басушылардың бірі ретінде қарастырған. Бұл туралы Елбасының бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев журналист Гүлнар Бажкеноваға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бажкенова Ертісбаевтан не себепті Назарбаевтың таңдауы Қасым-Жомарт Тоқаевқа түскенін сұрады. 

Меніңше, Назарбаев 2000 жылдардың ортасында ізін жалғастырушы адам жайлы ойлана бастады. Тоқаев жалғыз үміткер болған жоқ. Өзге де кандидаттар болды. Бірінші кезекте - Тасмағамбетов. Президенттің көмекшісі, Назарбаевтың сүйікті адамдарының бірі, әкім болды. Ол оған сондай қызметтерді берді, - деді Ертісбаев. 

"Ендеше неліктен Елбасының таңдауы Тоқаевқа тоқтады?" деген сауалға Ертісбаев: 

Мұнда мінез рөл ойнады деп ойлаймын. Тоқаевқа қарағанда, Иманғалидің мінезі қаттылау әрі нәзік. Психологиялық үйлесімділік деген дүние бар. Бір кезде бәрі жақсы болуы мүмкін. Ал арада бір-екі-бес-жеті жыл өткеннен кейін, проблемалар туындайды. Менмендік, алғашқы күдіктер пайда болады. Оны түсіндіру өте қиын, ақырында бұл Назарбаевтың таңдауы, - деді Ертісбаев. 

Айта кетейік, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында қызметтен кететінін мәлімдеді. Оның орнын бұрынғы сенат төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев басты. 

Ал бірқатар жоғары қызмет атқарған Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанында 63 жасқа толып, зейнетке шықты. Бірнеше күннен кейін Назарбаев Тасмағамбетовты елшілік қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойды. Қазіргі уақытта Тасмағамбетов "КАМАЗ" ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.