Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Бұл Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайға жіберген төртінші дипломатиялық хат.

Қазақстан Қытайға нота жолдады
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі шекарада тұрып қалған жүктер бойынша жағдайға байланысты Қытайға нота жолдады деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайға жіберген төртінші дипломатиялық хат. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Сондай-ақ, ведомство Қытай үкіметімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, соңғы кездесу қараша айында өткенін атап өтті. Нәтижесінде автомобиль және теміржол өткізу пункттерінде өткізу қабілетін біртіндеп арттыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

ҚХР қабылдай алатын жүк пойыздарының саны 11-ге дейін өсті, ал бұрын күніне 8 пойыз ғана өтті.

Еске салсақ, Қазақстаннан Қытай бағытына қарай мемлекеттік шекарадағы жүк көліктерінің кептелісі күн санап артып жатыр. Қытаймен кедендік шекарада электронды кезекке 11 731 көлік тіркелеген. Іс жүзінде кезекте тұрғандар саны 228 көлік: «Бақты» бекетінде – 177, «Нұрлы жол» бекетінде – 51 көлік.

Өзбекстанмен шекарада 40 автокөлік кезекте тұр. «Б.Қонысбаев» өткізу пунктінде – 10, «Атамекенде» – 10, «Қапланбек» өткізу пунктінде – 8, «Қазығұрт» өткізу пунктінде – 12 автокөлік тұр.