Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді

Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі отбасы институтының төмендегенін айтады.

Әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді
Фото: jasqazaq.kz

Қоғамда әйел адамның рөлін көтеру керек. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Қоғамда отбасы институтының төмендегені жасырын емес. Ажырасулар көп, соның ішінде әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді екен. Алимент өндіру заңының қатаңдатылуын қалаймыз. Ажырасқан ер-азаматтардың жауапкершілігі төмендеген. Сонымен қатар, әйелдер медиада зорлық-зомбылықтың құрбандары ретінде көп айтылады. Өздерін қорғансыз сезінуде. Соған байланысты қоғамда әйелдің рөлін көтеруге ұсыныс жасаймыз", - деді Л. Қожахметова.

Осы орайда, ол мемлекеттік басқару ісінде, квазимемлекеттік секторда, ұлттық компанияларда жетекші лауазымда істейтін әйелдер өте аз екенін айтты.

"Егер әйел тұлға ретінде қалыптасатын болса, бұл баланың келешегіне, отбасының нығаюына және қоғамның дамуына өте үлкен серпін әкелетіні сөзсіз", - деді кеңес мүшесі.