Жерасты дүмпуінің магнитудасы - 4,7 балл.
Бүгін Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды, деп хабарлады paryz.kz.
Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 11:03-те Сычуань провинциясындағы Мяньян қаласының Бэйчуань уезінде тіркелген. Оның тереңдігі – 20 шақырым.
Кеше Сычуань провинциясында күштілігі 4,6 балдық жер сілкінісі болған. Қытай Орталық телеарнасының мәліметінше, бүгінгі жерасты дүмпулерінен кейін жергілікті мектеп қызметкерлері оқушыларды қауіпсіз жерге шығаруға дереу кіріскен.
Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.