Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Депутаттар сайлауына 15 моноқаланың бір жылдық бюджеті шығындалатын болды

Мәжілістегі 216, ал мәслихаттағы 3276 депутаттық орынға таңдау жасалады.

Депутаттар сайлауына 15 моноқаланың бір жылдық бюджеті шығындалатын болды
фото: turkystan.kz

Қаңтарда өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға 15 миллиард теңгеден астам қаражат шығындалатын болды. Бұл – шамамен 15 моноқаланың бір жылдық бюджеті, деп хабарлады paryz.kz.

Cонымен, Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстанда тұрып жатқанына кемі 10 жылдан асқан, 25 жасқа толған азамат кандидат бола алады. Ал сотты болғандар мен жемқорлық жасағандардың бұл додаға қатысуға хақысы жоқ.

Бекітілген жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну дауыс беру күнінен 2 ай бұрын басталмақ. Сондай-ақ, таңдау жасалатын уақыттан 40 күн бұрын, жергілікті уақытпен сағат 18-де үміткерлерді тіркеу аяқталады.

"Кандидаттарды тіркеу 2020 жылдың 10 желтоқсанында, ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді ұсыну 11 желтоқсанда аяқталады. Үгіт-насихат жұмыстары дауыс беруден бір күн бұрын тоқтатылады. Жалпы сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталған күннен бастап, 5 күн ішінде тапсыруы тиіс", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Алдағы сайлауда Мәжілістегі 216, ал мәслихаттағы 3276 депутаттық орынға таңдау жасалады. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданы өткізуге 42 учаске дайын деп отыр.