Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау вице-министрінің медициналық білімі жоқ

Министрдің бірінші орынбасары Марат Шоранов журналистердің "Медициналық білімі жоқ Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау министрлігінде не істемек?" деген сұрағына жауап берді...

Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау вице-министрінің медициналық білімі жоқ
фото: inform.kz

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов бүгін ведомствоға жаңадан тағайындалған вице-министр Әсем Нүсіповаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Журналистер оған "Медициналық білімі жоқ Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау министрлігінде не істемек?" деген сұрақ қойды. Ал Шоранов саспастан оның қаржылық мәселелермен айналысатынын айтты.

"Шын мәнісінде, Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде ТМККК және МӘМС-тің 1,5 триллион теңгеге жуық қаражатын басқарады. Бұл – біздің қаржы қызметі мен департаменттерінің үлкен жұмысы. Әсем Нүсіпованың экономист және қаржыгер ретіндегі тәжірибесін ескере отырып, ол қаржы блогы мәселелерімен айналысатын болды. Тиісінше, бұл жұмысқа мұқият назар аудару қажет", - деді Нүсіпованың әріптесі.