Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Өскемендік азамат өртенген үйден екі адамды алып шықты

Құтқарылған егде жастағы тұрғындардың екеуі де ауруханаға жатқызылды.

Өскемендік азамат өртенген үйден екі адамды алып шықты
Фото: inform.kz

Өскемен қаласының тұрғыны жалын шарпыған жер үйден екі адамды құтқарып қалды, деп хабарлады paryz.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 қазан күні шаһардағы саяжай қоғамдастығының бірінде жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Мұны байқап қалған көршісі күйеуіне айтқан. Игорь Медведев лезде үйге кіріп, 54 жастағы әйел мен 66 жастағы ер адамды иіс тию белгілерімен сыртқа алып шықты.

Осы уақытта оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жетіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Екеуі де ауруханаға жатқызылған.

"Өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды ауыздықтады. Алдына ала мәлімет бойынша, жалынның шығу себебі пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болуы мүмкін", - деп хабарлады ведомство өкілдері.