Саммит Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:30-да басталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан Президенттерімен және Мажарстан Премьер-министрімен бірге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.
Айта кетейік, осы салтанатты рәсім аяқталған соң мемлекеттердің басшылары саммитке қатысу үшін Демократия және бостандық аралына барды. Саммит Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:30-да басталады.
Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары Түркі Кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бет алды. Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады, – деп жазды Берік Уәли.