Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Мамин Атыраудағы тас жолды тікұшақпен тексерген

Ал оған дейін Ақтөбе облысында болған.

Мамин Атыраудағы тас жолды тікұшақпен тексерген
фото: дереккөз

21 қазан күні Премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысына барған. Үкімет басшысы онда Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерген. Алайда Мамин автокөліктің орнына тікұшақты қолайлы көріпті деп хабарлайды Paryz.kz"Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Атырауда Премьер-министрді көліктер кортежі күтіп алмаған. Ұшақ Атырау халықаралық әуежайына қонғаннан кейін ол бірден тікұшақпен тексеру орнына ұшып кеткен. Ал оған дейін Ақтөбе облысында болған.

Басылым, сонымен қатар, Премьер-министрдің баспасөз қызметінің қызметкері Темірлан Жабаев тексеру жұмыстарының нәтижесін айтуға құлықсыз болғанын айтады.

Бұған дейін хабарланғандай, Асқар Мамин 14 қазанда Атырауға келіп, қала ішінде салынған бірқатар жаңа нысанмен танысуы тиіс болған. Жергілікті компаниялар тексеруге мұқият дайындалғанымен, Премьер-министрдің жоспары аяқасты өзгерген.