Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Хаттаманың мақсаты - биологиялық әртүрлілікті, экожүйені сақтау және Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету.

Тоқаев жаңа заңға қол қойды
фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін сақтау туралы хаттама ратификациясына қол қойды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ресми хабарламада.

Хаттаманың мақсаты - биологиялық әртүрлілікті, экожүйені сақтау және Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету.