Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Болат Бақауов көше сыпырып, қоқыс шығарудан құтылып кетті

Заңға сәйкес, тұрақты жұмысы жоқ сотталушылар ғана мәжбүрлі еңбекке тартылады. Ал Бақауов кәдімгідей жұмысқа орналасқан.

Болат Бақауов көше сыпырып, қоқыс шығарудан құтылып кетті
фото: kursiv.kz

Бес ай бұрын мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тартылған Павлодар облысының 49 жастағы экс-әкімі Болат Бақауов енді одан босатылды. Өйткені, жазаның бұл түрін сотталушылар ресми жұмыс орны болмаған жағдайда ғана өтейді, деп хабарлады paryz.kz.

Павлодар облыстық ҚАЖД-ның баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдуғалиеваның айтуынша, қызметін асыра пайдаланғаны үшін істі болған экс-шенеунік қазір Павлодар қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Заңға сәйкес, тұрақты жұмысы жоқ сотталушылар ғана мәжбүрлі еңбекке тартылады. Ал Бақауов кәдімгідей жұмысқа орналасқан.

Судья мамырда 3,5 жылға шартты түрде сотталған оның жыл сайын 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылатынын айтқан болатын. Бірақ, білдей бір облысты басқарған Бақауов көше сыпыруды намыс көрсе керек, тез арада жұмыс тауып ала қойыпты.

Еске сала кетсек, Болат Бақауов туысының компаниясындағы мәселені шешіп бермек болған. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысынан заңды 200 миллион теңге салықты жасырып, оны 3 миллион теңгеге қысқартуды сұрапты. Оның бұл өтініші орындалған. Бұрынғы шенеунік кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келген болатын.