Алматы тұрғыны 100 жеміс ағашын заңсыз кесіп тастаған

Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолдануда.

Алматы тұрғыны 100 жеміс ағашын заңсыз кесіп тастаған
Фото: u-f.ru

Алматыда 100-ден астам жеміс ағашы заңсыз кесілді, деп хабарлады paryz.kz.

"Бүгін Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік инспекторлары кезекті рейд жүргізіп, оның барысында Медеу ауданында орналасқан Обсерватория көшесінің бойындағы 5/5 жер учаскесінде 102 жеміс ағашын кесу фактісін анықтады. Белгілі болғандай, оны Алматы тұрғыны кесіп тастаған. Оқиға орнына жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мамандары шақырылды", - деп хабарлады Экология департаментінен.

Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолдануда.