Татарстанда ұшақ апатқа ұшырады: Тоқаев Путинге көңіл айтты

Тоқаев хабарды терең күйзеліспен қабылдаған.

Татарстанда ұшақ апатқа ұшырады: Тоқаев Путинге көңіл айтты
фото: дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Paryz.kz, Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Оқи отырыңыз: Татарстанда ұшақ апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін, – деп жазылған жеделхатта.