Тоқаев ұстаздарды мерекемен құттықтады

Кей елдер бұл мейрамды 5 қазан күні атап өтеді.

Тоқаев ұстаздарды мерекемен құттықтады
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Paryz.kz

Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын! - деп жазды президент Twitter-де.

Қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді.

1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазанның алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей елдер бұл мейрамды 5 қазан күні атап өтеді.

Биыл Білім және ғылым министрлігі айтулы дата аясында "Ұстазыңды құттықта" акциясын бастады. Бұл акцияға Асхат Аймағамбетов те қатысты.