Қазақстанның Кувейттегі, Украинадағы және Израильдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz, Ақордаға сілтеме жасап.
Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.