Қазақстан елшісі "Талибан" өкілімен кездесті

Кездесуде Ауған халқына азық-түлік және өзге де гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланды.  

Қазақстан елшісі "Талибан" өкілімен кездесті
фото: дереккөз

Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев пен Ауғанстан уақытша үкіметіндегі Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесті деп хабарлайды Paryz.kz

Кездесуде Ауған халқына азық-түлік және өзге де гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланды.  

Ауған сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан тарапына қиын өтпелі кезеңде Ауғанстан халқына нақты қолдау көрсетуге дайын екендігі үшін алғыс айтты.  

Қазақстандық дипломаттың сұхбаттасушысының айтуынша, жаңа ауған билігі барлық елмен, бірінші кезекте өңірдегі көршілермен және мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ Ауғанстанға олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қауіп төнуінің алдын алуға дайын екендіктерін растайды, - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.  

Қазақстанның сыртқы саясаты тұтастай алғанда, атап айтқанда, Ауған бағытында құрмет тудыратыны атап өтілді.

Бұған дейін Кабулда "Талибан" өкілдері Қырғызстан делегациясымен кездесті.

Талибан* – Қазақстанда тыйым салынған экстремисттік ұйым.