Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды, - деп жазды ол.