Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Өскеменде қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

Күдіктілер мәйіттен құтылу үшін оны төртінші қабаттан лақтырып жіберіп, қоқыс жәшіктерінің біріне жасырған.

Өскеменде қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды
Фото: 123ru.net

Өскеменде қоқыс жәшігінен әйелдің денесі табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен бұрын сотталған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

7 қазан күні Өскеменнің полиция басқармасына қоқыс жәшігінде әйелдің мәйіті жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жедел патрульдік экипаждар аттанды. Полицейлер екі күдіктіні анықтап, "ізін суытпай" ұстады.

Анықталғандай, екі ер адам танысымен бірге ішімдік ішкен. Отырыс кезінде олар сөзге келіп, жанжал шығады. Күдіктілердің бірі әйелді тұншықтырмақ болады, жәбірленуші есінен танған.

Әйелді өлтіріп алдық деп қорыққан олар мәйіттен құтылу үшін төртінші қабаттан лақтырып жібереді. Кейін мүрдені қоқыс жәшігіне жасырған.

"Қазіргі таңда 35 және 30 жастағы ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екеуі де бұрын сотталған. Сараптама әйелдің көптеген жарақаттан көз жұмғанын көрсетті", - деді ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 8 жылдан 15 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.