Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қырғызстанда қазақстандық компанияларға да шабуыл жасалды

СІМ осы жағдай алаңдатып отыр.

Қырғызстанда қазақстандық компанияларға да шабуыл жасалды
Фото: dailysabah.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

"Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындардың шабуылдары мен басып алу әрекеттеріне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреміз.

Қазақстан Республикасының азаматтары - қызметкерлеріне күш көрсету қатері және осы кәсіпорындардың мүлкіне залал келтіру фактілері ерекше алаңдаушылық тудырады. Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары көршілес елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қоса отырып, Қырғызстан экономикасына 1 млрд астам АҚШ долларын инвестициялады.

Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Kaz Minerals тобына кіретін Қырғызстандағы Бозымшақ тау-кен байыту кешені парламенттік сайлаудан кейін елде басталған тәртіпсіздіктер аясында жұмысын тоқтатып, қызметкерлерді эвакуациялады.

Айта кетейік, Қырғызстанның астанасында оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың жақтастары өткен жексенбіде өткен парламенттік сайлаудың ресми нәтижелеріне наразылығын білдіріп шеруге шықты.