Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Бәрі кәдімгі боевиктегідей болды»: Мұхтар Әбілязов Францияда қамауға алынды

Іс материалдары бойынша, ол кезіндегі БТА банктің 7 миллиардтан астам долларын жымқырған.

«Бәрі кәдімгі боевиктегідей болды»: Мұхтар Әбілязов Францияда қамауға алынды
фото: facebook.com

Мұхтар Әбілязов Францияда тағы полиция қолына түсті. Тек бұл жолы екі тәулік қана қамауда отырып шыққан. Аталған жайт туралы қашқын банкирдің өзі Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады paryz.kz.

Алайда, не үшін отырып шыққанын ашып айтпаған. Бір анығы, ол қазір Франциядан саяси баспана алып жатыр.

"Екі жаңалық: жаман және жақсы. Жаманынан бастайын... Дүйсенбі күні 13.37-де Парижде мені тұтқындады. Дұрысы, басып алды. Бәрі кәдімгі боевиктегідей болды. Тағы да мұның бәрі Қазақстанның қолымен жасалды. Әрі қарай маған түрмеде екі тәулік отыруға тура келді... Бұл күреске үш күнім кетті. Енді жақсы жаңалыққа келсек, мен тағы бостандықтамын. Ертең тікелей эфирде бәрін толығырақ айтамын", - деп «жаңбыр жаумай су болып жатыр» сабазың.

Еске сала кетсек, Мұхтар Әбілязов Қазақстанда өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Іс материалдары бойынша, ол кезіндегі БТА банктің 7 миллиардтан астам долларын жымқырған. Оның "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды", "тапсырыспен кісі өлтірді", "өзгенің мүлкін заңсыз иемденді", "жалған құжат жасады" деген айыптармен 7 бап бойынша сотталғаны мәлім.