Назарбаев Жамбыл облысында жүр (ФОТО)

Қазақстанның Тұңғыш Президенті аймақ басшылығының жұмысына оң баға берді.

Назарбаев Жамбыл облысында жүр (ФОТО)
фото: дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады, деп хабарлайды Paryz.kz, elbasy.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әлеуметтік және мәдени орындарды аралар алдында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесу барысында Елбасыға қалпына келтіру жұмыстары мен әскери қоймалардағы жарылыстардан зардап шеккен Байзақ өңірінің тұрғындарына көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Елбасына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы ақпарат берді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті аймақ басшылығының жұмысына оң баға берді.

Кездесуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев "Әлжан Ана" тарихи мұражайының қызметімен танысып, мекеме аумағында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапхана мен түрлі үйірмелер орналасқан ауылдық Мәдениет үйінде болды.

Сондай-ақ мұнда 250 орынға арналған концерт залы да бар. Нысанмен танысу кезінде Елбасыға Жамбыл облыстық филармониясының әртістері мен облыстық мәдениет үйі тәрбиеленушілерінің орындауындағы музыкалық туындылар ұсынылды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен де танысты. Кешенде үлкен арена, әмбебап зал, бокс және күрес залы да бар.

Қазіргі уақытта 400-ден астам балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінде спорттың алты түрінен жаттығуда: еркін күрес, таэквондо, каратэ, волейбол, футбол және бокс.