Оралда жоғалып кеткен ер адам орманда асулы күйінде табылды

Қазіргі кезде бірнеше сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оралда жоғалып кеткен ер адам орманда асулы күйінде табылды
Фото: volyn24.com

Оралда жоғалып кеткен ер адам орманда асулы күйінде табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, ер адамның денесі 7 қазан күні кешкісін сағат 19.40-та Бәйтерек ауданы Достық ауылы маңында Шаған өзені жағасындағы орманнан табылған.

Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны биылғы 28 тамызда жоғалып кеткен болатын. Содан бері іздестіру жұмыстары жүргізілген еді.

Қазіргі кезде бірнеше сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.