Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстан мұқтаж елдерге көмектесіп жатыр

Саяси қақтығыс жиі болатын Ауғанстан, Конго, Ливия, Йеменнің экономикасы жылдан-жылға нашарлап барады. 

Қазақстан мұқтаж елдерге көмектесіп жатыр
фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан пандемия кезінде мұқтаж елдерге азық-түлік жеткізіп, көмек көрсеткенін, бұл көмек ары қарай да жалғасын табатынын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, 31 телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың соңына қарай пандемия салдарынан 2 170 000 адам аштық зардабын тартады.

Оның ішінде Таяу Шығыс пен Оңтүстік Африка елдеріне азық-түлік жетпеуі мүмкін. Себебі олардың геосаяси жағдайы нашар.

10 жылға жуық Қазақстан «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына» мүше елдерге миллиондаған тонна бидай мен ұн жеткізді. 4 жыл бұрын осы ұйымға мүше елдердің 4 млн астам адамы аштық зардабын тартқан. Жыл сайынғы шығын – 67 млрд доллар.

Саяси қақтығыс жиі болатын Ауғанстан, Конго, Ливия, Йеменнің экономикасы жылдан-жылға нашарлап барады.

Сондықтан аштықты алдын алу үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы 2031 жылға дейінгі стратегиялық жоспарларын бекітті.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан осы ұйымның төрағасы болды.