Ғарышкер Ақтау мен Арал теңізін ғарыштан көрсетті (ВИДЕО)

Сонымен қатар, ол Маңғыстау облысындағы шаңды дауылдар ғарыштан қалай көрінетінін де жаһанға жария еткен болатын...

Ғарышкер Олег Артемьев Ақтау мен Арал теңізін Халықаралық ғарыш станциясынан түсірді. Ғарышкер видеоны Youtube арнасына жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Айта кетсек, Олег Артемьев апта сайын жердің ғарыштан түсірілген түрлі кадрларын жариялап отырады. Ол бұған дейін Халықаралық ғарыш станциясынан таулардағы орман өртінің суреттері мен тайфунды да жариялаған.

Сонымен қатар, ол Маңғыстау облысындағы шаңды дауылдар ғарыштан қалай көрінетінін де жаһанға жария еткен болатын.