Ресейде газ құбыры жарылып, Қазақстан көгілдір отынсыз қалды (ФОТО)

Бұл - Газпромның магистральді транспорты нысандарындағы үшінші апатты жағдай.

Ресейде газ құбыры жарылып, Қазақстан көгілдір отынсыз қалды (ФОТО)
фото: дереккөз

Магистральді газ құбырындағы жарылыс салдарынан Қазақстанға газ беру тоқтатылды, деп хабарлады paryz.kz

Интерфакстың хабарлауынша, Ресейдің Оренбург облысында магистральді газ құбырында жарылыс болды. Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Жарылыстан кейін нысанда өрт өршіп кеткен.

Өртті ауыздықтау мақсатында оқиға орнына құтқарушылар, газ құбырын жөндейтіндер және экологтар келді. РФ Энергетика министрлігінің мәліметінше, жарылыстан кейін Қазақстан аумағына газ беру тоқтатылды.

"Союз магистральді газ құбырының 0-123 шақырымындағы аумақ өшірілді. Алексеевкадан Қазақстан аумағына газ транзиті тоқтатылды. Енді газбен қамтамасыз ету Оренбург-Новопсков газ құбырындағы баллон арқылы жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Қазір апат болған учаскеде газ жанып жатыр. Жарылыс себебі анықталуда. Бұл - Газпромның магистральді транспорты нысандарындағы үшінші апатты жағдай.