Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы облысында қасқырды терісі үшін аяусыз өлтіріп жатыр (ФОТО, ВИДЕО)

Видео авторы осы жағдайдан кейін табиғат қорғау прокуратурасына қоңырау шалғанын, бірақ олар өтінішті қабылдаудан бас тартқанын айтты.

Алматы облысында қасқырды терісі үшін аяусыз өлтіріп жатыр (ФОТО, ВИДЕО)
фото: дереккөз

Алматы облысында белгісіз біреулер жеке үйлердің бірінде қасқырларды терісі үшін өлтіріп, одан кілемшелер жасап, әлеуметтік желі арқылы сатып жатқан көрінеді. Бұл туралы үй және түз жануарларын қорғайтын еріктілер айтты, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Зооқорғаушы аңдарға жасалып жатқан қатыгездік туралы айтып берген. Ол тағы бір еріктімен сол үйге барып, қасқырдың біреуін болса да аман алып қалу үшін оны сатып алған.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ Алматы облысының Полиция департаменті бұл жағдайды зерттеп жатыр.

Айта кетейік, аңдар түсірілген видеоға мыңға жуық пікір қалдырылған. Қазақстандықтар үй иесінің мұндай қатыгездігіне наразылық білдіріп жатыр.

Tengrinews.kz тілшісі ролик авторы, зоотехник Евгения Калиниченкомен байланысқа шықты. Ол әлеуметтік желілердегі парақшалардың бірінде терілер мен қасқырларды сатып жатқандар туралы хабарландыруды көріп қалғанын жеткізді. Айтуынша, барлығы 5 қасқыр сатылды, бірақ еріктілер тек біреуін сатып ала алған. "Сатушы" бір аңды 140 мың теңгеге бағалаған екен.

"Ерікті Дарья Пересадько екеуміз қарызға ақша алып, хабарламада көрсетілген мекенжайға бардық. Бұл - Алматы облысындағы жеке үй. Үйдің аумағына кірген кезде қасқырды көрдік, қорқынышты. Иісі де жаман болды. Пакеттерде қоқыс сияқты екі қарсақтың өлексесі жатты", - дейді Евгения.

Видео авторы осы жағдайдан кейін табиғат қорғау прокуратурасына қоңырау шалғанын, бірақ олар өтінішті қабылдаудан бас тартқанын айтты.

"Алматы облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында аталған фактіні анықтады. Қазірдің өзінде Талғар аудандық полиция басқармасы тексеру іс-шараларына кірісті. Кінәлілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар міндетті түрде қабылданады", - деді полицейлер.

Сондай-ақ, осы жағдай бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сауал жолданды. Министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері болған оқиғаны зерттейтінін, сондай-ақ инспекторлар оқиға орнына баратынын хабарлады.