Петропавлда ЖЭО-2-ден шыққан түтін 22 шақырымға созылып жатыр (ФОТО)

Ені 500-600 метрге жетеді, ал оның көлеңкесі қаланың бірнеше көшесіне түсіп тұр.

Петропавлда ЖЭО-2-ден шыққан түтін 22 шақырымға созылып жатыр (ФОТО)
фото: дереккөз

Петропавлдағы ЖЭО-2 құбырларынан шыққан түтін ондаған шақырымға созылады. Петропавл.news қаланың 800 шақырымға жуық биіктіктен түсірілген суреттерін жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Басылым тілшісі суреттер Sentinel-2 Жер серігінен түсірілгенін хабарлады. 2020 жылдың соңғы күні Солтүстік Қазақстанның үстінен ұшып бара жатқан спутник бірнеше сурет түсірген. Одан Петропавлдағы көлдерді, темір жол мен қою ақ түтінді көруге болады.

Түтін ЖЭО-2-ден бастап 22 шақырым жердегі Шаховское ауылының үстіне дейін созылған. Ені 500-600 метрге жетеді, ал оның көлеңкесі қаланың бірнеше көшесіне түсіп тұр.

Сонымен қатар, ғарыштан 2\2 шақырымға бөлінген Кішкенекөл ауылы мен қар басқан алқаптар анық көрінеді.