Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

COVID-19: мәйітханаларда бос орынның жоқтығы дау тудырды (ВИДЕО)

"Барлық жерде мәйіттер. Шалынып құлауға болады. Бастарынан аттап өтуге тура келеді", – дейді видео авторы.

COVID-19: мәйітханаларда бос орынның жоқтығы дау тудырды (ВИДЕО)

Ресейдің аймақтық мәйітханаларында орын жетіспеуде. Коронавирустың салдарынан мәйітханалар адам мүрдесін қабылдап үлгермей жатыр, деп хабарлады paryz.kz, ВВС-ге сілтеме жасап.

Вирустан көз жұмғандарды туыстарының алуы карантиндік шектеулерге байланысты қиындаған. Сол себепті, мәйітханадағы мүрделер саны күрт артқан. Өткен аптада Новокузнецк қаласындағы мәйітхана туралы видео әлеуметтік желілерде тараған. Видеода ондаған адамның мәйітхана дәлізінде жатқаны бейнеленген.

"Барлық жерде мәйіттер. Шалынып құлауға болады. Бастарынан аттап өтуге тура келеді", – дейді видео авторы.

Аталмыш видео Ресей арналарында көрсетіліп, халық арасында үлкен дау туғызды. Аймақ басшылығы видеоның рас екенін мойындап, көз жұмған жандардың ресми статистикаға қосылғандығын айтты.

Осыған ұқсас оқиға Барнаулдың №12 ауруханасында қайталанған. Ауруханадағы үйіліп жатқан мәйіттердің суреті ғаламторға тарап кеткен.

ВВС Ресей аймақтарындағы мәйітханаларда орын жетіспеуі бұған дейін де болғанын атап өтті. Томск жергілікті басылымдары шілде айында мүрде сақтайтын орын жоқтығы жайлы жазған болатын. Қазіргі уақытта Ресейде вирустың өсу динамикасы қарқынды. Бүгін 16 202 адам жұқтырып, 346 адам көз жұмған.