Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде киберқылмыстың алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынуда?

Бүгінде елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жалпыұлттық жоспар шеңберінде берген тапсырмасын орындау үшін "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы дамыту Тұжырымдамасына трансформациялау бойынша жұмыс жүргізілді, оны іске асыру үшін "Цифрлық өмір салты (DigitEL)" ұлттық жобасы әзірленді.

Елімізде киберқылмыстың алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынуда?
Дереккөз: ria.ru

«Киберқауіпсіздік» мәселесі бүгінде әлемдегі өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Ақпараттық технологиялар күн санап дамыған уақытта, олардың қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмайтыны анық. Қазақстанда киберқылмыспен күресу үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр? «Қазақстанның киберщиті» тұжырымдамасы саланы жетілдіруге тың серпін бере ме? Осы және өзге де сауалдардың жауабын аталған мақаладан білетін боламыз.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда зиянды бағдарламалардың таралуы мен оларды қолданушылардың саны жыл санап өсуде. Мамандар көптеген қолданушылар өз құрылғыларын қорғау үшін арнайы бағдарламалық жасақтамаларды пайдаланбайтынын айтып, дабыл қағуда. Осыған байланысты интернет пайдаланушыларына шабуыл жасаушылар саны артуда.

Мысалы, тек 2020 жылы интернеттегі қылмыс саны 58%-ға өскен. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары былтыр 12 мыңға жуық онлайн-қылмысты тіркеген. Өкініштісі бұл өткен жылмен салыстырғанда 58%-ға көп көрсеткіш көрінеді. Осылайша елде аяқталған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 24 млн теңгені құраған.

Сонымен қатар, ЦДИАӨМ қауіпсіздіктің төмен деңгейі жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жалпыға қолжетімді дербес деректерді рұқсатсыз пайдалану немесе түрлендіру, сондай-ақ қылмыстық қоғамдастықтар немесе барлау құрылымдары үшін, оларды басқа мемлекеттердің аумағында сақтау кезінде қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді немесе олардың аумақтан тыс қолжетімділігін жария ету үшін жоғары тәуекелге әкелетінін атап өтті.

Ведомство сондай-ақ қазақстандықтардың интернет-сауаттылығының төмен деңгейіне: зиянды бағдарламаларды, фишингтік беттерді, жалған интернет-дүкендер мен банктерді таратудың жалпы әдістері бойынша базалық білімнің жоқтығын мәлімдеп отыр. Мұның бәрі, министрліктің мәліметінше, ел тұрғындары алаяқтардың құрбаны болатын мыңдаған жағдайларға әкеп соқтыруы әбден мүмкіне кен. Мысалы, ІІМ деректері бойынша, 2021 жылғы қаңтарда Қазақстанда 1,7 мыңнан астам киберқылмыс, 2020 жылы – 14 мың киберқылмыс тіркелген.

Бұдан басқа, шағын және орта бизнес кәсіпорындары ақпаратты қорғау әдістерінен және ақпараттық қауіпсіздік жүйелеріндегі қамтамасыз етілу жөнінен жеткілікті дейгейде хабардар емес екен. Оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің қызметкерлері акт инфрақұрылымының жай-күйін жиі бағалай алмайды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай жайттар техникалық ақаулардың алдын алу және шабуылдаушылармен күресуді қиындататын көптеген қауіпті оқиғаларға әкеп соқтырады екен.

"Мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілер басқа, бірінші кезекте, серіктестер немесе мердігерлер ретінде жұмыс істейтін ірі кәсіпорындарға немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қауіп төндіреді", – деп атап өтті министрлік өкілдері.

Сондай-ақ, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім берудің қолданыстағы моделі қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне, IT-нің қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету үрдістеріне сәйкестігіне тұрақты және мұқият талдауды талап етеді, себебі бұл облыс қарқынды дамып келеді»,-дейді мамандар. Ведомство өкілдері цифрлық технологиялар саласында мамандар жетіспеушілігі байқалатынын алға тартады. Бұл ретте ел бойынша мемлекеттік органдардың IT мамандармен қамтамасыз ету деңгейі 25%-ды құраса, жергілікті атқарушы органдарда бұл көрсеткіш бар-жоғы 6%-ды құрап отыр.

ЦДИАӨМ-де сондай-ақ отандық IT секторы экономиканы әртараптандыруға елеулі үлес қоспайтынын атап өтуде. Бұдан басқа, көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда автоматтандыруға байланысты жұмыстардың қауіпті екені де айтылуда. Ал IT-қылмыстардың халықаралық сипаты олардың қауіптілігін одан ары арттыра түседі дейді мамандар.

"Жағдай қоғамда қалыптасқан "киберқылмыстардың" жазаға тартылмайтындығымен, АКТ-ны қауіпсіз пайдалану саласын нығайту бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың әлсіздігімен, ақпараттық қауіпсіздіктің дамыған қылмыстық-құқықтық институттарына қарамастан, құқық қорғау органдарының жоғары технологиялық қылмыстар жасағаны үшін кінәлілерді жауапкершілікке тарту жөніндегі мүмкіндіктері шектеулі екендігімен ушыға түсуде", - деп атап өтті ЦДИАӨМ өкілдері.

Айтуларынша мұның бәрі Қазақстанның киберқауіпсіздігі саласындағы қауіп-қатерлерге әсер етеді.

Осыған байланысты Қазақстанда өнеркәсіп пен ғылым арасында өзара іс-қимыл мен кооперация схемасын құру, білім беру жүйесімен айналысу, Қазақстандық IT-компанияларды ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету процесіне қосу, сондай-ақ отандық электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік тапсырыстармен жүктеу жоспарланып отыр. Бұл ретте «Қазақстанның Киберщиті» бірегей жобасы да еліміздің ақпарат саласындағы киберқауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосатыны анық.

Киберқылмыс саны күн санап артып келе жатқандықтан, киберқауіпсіздік жүйесі де үнемі жетілдіріліп отыруы керек. Бүгінде елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жалпыұлттық жоспар шеңберінде берген тапсырмасын орындау үшін "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы дамыту Тұжырымдамасына трансформациялау бойынша жұмыс жүргізілді, оны іске асыру үшін "Цифрлық өмір салты (DigitEL)" ұлттық жобасы әзірленді.

Киберқауіпсіздік жаһандық индексінің көрсеткішіне және "халықтың ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану деңгейі" нысаналы индикаторына қол жеткізу цифрлық өмір салты (DigitEL) тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-қимыл жоспарында көзделген. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы дамыту тұжырымдамасының өзінде "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" міндеті көрсетіледі.