Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары отбасындағы кикілжіңге байланысты 2181 адамды әкімшілік жауапқа тартыпты.
Павлодарда 72 жастағы қала тұрғыны полициядан көмек сұраған деп хабарлайды Paryz.kz.
Polisia.kz-тің мәліметіне қарағанда, 45 жастағы келіні алкоголь ішіп, ұрыс шығарып, кейін зейнеткердің бетінен ұрған көрінеді.
Ұрып-соққаны үшін қарияның келіні ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары отбасындағы кикілжіңге байланысты 2181 адамды әкімшілік жауапқа тартыпты.