Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Кісі өлімі туралы жалған хабар берген петропавлдық айыппұл арқалады

Оның наурыз айында да полицияға осылай "әзілдегені "анықталды.

Кісі өлімі туралы жалған хабар берген петропавлдық айыппұл арқалады
Фото: gov.kz

Петропавлда 48 жастағы әйел арнайы қызметтерді жалған хабармен шақырғаны үшін 80 мың теңге айыппұл төлемек, деп хабарлады paryz.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 48 жастағы қала тұрғыны «102» нөміріне хабарласып, өз үйінде кісі өлтірілгенін айтқан. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары жөнелтілді. Алайда, жолда олар ақпарат расталмағандықтан кері қайтты.

"Әйел бізге қайта хабарласып, кісі өлімінің болмағанын, оның өтірік екенін айтты. Көрсетілген мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді", - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының екінші бөлім бастығы Руслан Сыздықов.

Учаскелік полиция қызметкері келгенде пәтерде мас әйелден басқа екі ер адам болған. Үй иесі адам өлімі жайында полицияға жалған хабар беріп, әзілдемек болыпты. Оның наурыз айында да осылайша орынсыз "әзілдегені" анықталды. Сол жолы жазаға тартылса да, одан сабақ алмаған сыңайлы. Енді ол 80 мың теңге айыппұл төлемек.