Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Өзбекстанда COVID-19 науқастарын емдейтін клиникада оттегі баллоны жарылды

Апаттан бір адам жарақат алды.

Өзбекстанда COVID-19 науқастарын емдейтін клиникада оттегі баллоны жарылды
Фото: t.me/MCHSUzbek /2819

7 қазан күні сағат 08:13-те Сырдария облысының Гүлстан қаласындағы «Алпомиш» спорт кешенінде оттегі баллоны жарылды, деп хабарлады Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасы.

"Оқыс оқиға болған спорт кешені қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін уақытша клиника ретінде жасақталған. Оттегі баллонының жарылуы салдарынан ғимараттың терезелері сынып, бір азамат жарақат алды. Қаза тапқандар жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы мен басқа да тиісті органдар дереу оқиға орнына келіп, азаматтарды қауіпсіз жерге көшірді. Жағдай толық бақылауда", - деп жазды Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми парақшасында.