Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Нұр-Сұлтанда БТР мен жеңіл көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Әзірге апатқа түскен бронды тасымалдаушы техниканың қай ведомствоға тиесілі екені белгісіз.

Нұр-Сұлтанда БТР мен жеңіл көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан бронды тасымалдаушы техника соқтығысып қалды. Оқиғаға қатысты Полиция департаменті мен Қорғаныс министрілі пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 1 қыркүйекте болған. Сағат 07.35-те Nissan Almera көлігін тізгіндеген 46 жастағы жүргізуші "Нұр-Сұлтан-Қарағанды" тасжолымен Армандастар көшесінің қиылысында солға бұрылған кезде дабыл шамдары іске қосылған және арнайы дыбыс сигналы бар патрульдік көлікке ілесіп келе жатқан "БТР 82-А" көлігіне жол бермей, салдарынан екеуі соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Nissan Almera көлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Полиция департаменті дабыл шамдары іске қосылған және арнайы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде өзге көліктер жол беру керектігін ескертеді, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Әзірге апатқа түскен бронды тасымалдаушы техниканың қай ведомствоға тиесілі екені белгісіз. Қорғаныс министрлігі оның Қарулы Күштердің базасында тіркелмегенін мәлім етті.

Нұр-Сұлтан қаласында Nissan Almera көлігі мен БТР-дың соқтығысуына қатысты БАҚ-қа және әлеуметтік желіге таралған ақпаратқа байланысты Қорғаныс министрлігі жол-көлік оқиғасына түскен бронды транспортердің Қарулы Күштерге тиесілі еместігін хабарлайды, - делінген министрлтіктің мәліметінде.