Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Талдықорғанда ер адам су сұраймын деп таяқ жеді

Көрсетілген мекен жай бойынша кеткен полицейлер соққыға жыққанын мойындаған 48 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол үйінің есігін қайта-қайта қаққан ер адамға ашуланып кеткенін мәлімдеді. 

Талдықорғанда ер адам су сұраймын деп таяқ жеді
фото: дереккөз

Талдықорғанда белгісіз біреу ер адамды соққының астына алды деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл туралы жергілікті Полиция басқармасы мәлімдеді. 

15 тамызда Талдықорған қаласы батыс полиция бөлімінің шақыру бөліміне денесі көгерген, сынықтары бар 39 жастағы мас күйіндегі ер адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт  "Денеге қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тіркелді. Жәбірленушінің айтуынша, көшеде келе жатып, ол су ішу үшін үйлердің бірінің есігін қаққан.  Алдымен үй иесі, содан кейін ағасы шығып, ер адамды ұрып тастаған, – деп хабарлайды Полиция басқармасы. 

Көрсетілген мекен жай бойынша кеткен полицейлер соққыға жыққанын мойындаған 48 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол үйінің есігін қайта-қайта қаққан ер адамға ашуланып кеткенін мәлімдеді. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.