Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Полиция өз балаларын ұрып-соққан ер адамды ұстады

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Полиция өз балаларын ұрып-соққан ер адамды ұстады
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысының полицейлері өз балаларын ұрып-соққан ер адамды қамауға алды, деп хабарлады paryz.kz, Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, полицейлер 4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны анықтады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 110-бабы, 2-бөлігі ("Азаптау") бойынша тіркелді.

Сол күні күдіктінің әйелі жұбайының өз балаларын ұрып-соққаны туралы полицияға арызданған. Полицейлер жергілікті жұмыссыз тұрғынды тез арада ұстады. Ерлі-зайыптылардың 2011 жылдан бері некеде тұрғаны анықталды. Екеуінің ортақ 3 баласы бар. Бұған дейін әйел 2018 жылы полицияға күйеуінің ұрып-соғуы туралы ауызша айтқан, бірақ, өтініш беруден бас тартқан.

2019 жылдың сәуірінде ол тағы да полицияға дене жарақатын салу дерегі бойынша жүгінген. Алайда, әкімшілік өндіріс әйел күйеуін кешіргендіктен медиация арқылы тоқтатылды. Содан кейін жұбайы қайтадан жауапкершіліктен құтылды.

"Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда", - делінген хабарламада.