Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 56 жастағы әйел табылмай жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесі 85/2-үйде тұратын Лидия Краденова 23 қыркүйек күні шығып кеткеннен оралмаған. Оның қолында «Ксеоми» маркалы ұялы телефоны болған. Бұдан бұрын да кетіп қалып жүрген әйел «жеңіл дәрежеде күйзеліске ұшырау» диагнозымен есепте тұрған.
Туысқандары әйелдің жоғалып кеткені жөнінде 28 қыркүйек күні полицияға арыз түсірген. Содан бері полиция қызметкерлері де іздестіруде.