Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ер адам жұмысынан 15 минутқа кеш шыққан әйелін соққыға жыққан

Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Ер адам жұмысынан 15 минутқа кеш шыққан әйелін соққыға жыққан
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда ішімдік ішіп, әйелін соққыға жыққан ер адам 15 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды Paryz.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы ер адам әйелінің жұмыстан уақытылы шықпағаны үшін жанжал шығарған.

Зайыбы жұмыстан 15 минут кешігіп шыққан. Үйге бара жатқан кезде күйеуі оны қорқытып, балағаттаған. Алайда жанжал осымен аяқталмай, үйге жеткенде, ер адам келіншегін ұрып, үйден кетіп қалған. Таңғы 05.00-де үйге оралып, әйелінің аяғы ауыр екеніне қарамастан, оны соққыға жыққан. Арашалауға тырысқан енесі де таяқ жеген. Егде жастағы әйел полицияның учаскелік инспекторынан көмек сұрады, - дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД.

Учаскелік инспектор оқиға орнына бірден келіп жетіп, мас ер адамды тоқтатқан. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Одан бөлек, азаматтың тәртібіне байланысты бір жылға ерекше талап қойылып отыр. Ал 35 жастағы жәбірленуші Есіл аудандық Полиция басқармасының учаскелік инспекторы Нұрлан Молдабековке уақытылы көрсеткен көмегі үшін алғысын айтты.