Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Күзетшіні ұрып-соғып, 7 миллион теңгені алып кеткен

Бүгінде тергеу жүргізіліп жатыр.

Күзетшіні ұрып-соғып, 7 миллион теңгені алып кеткен
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде 7 миллион теңгені тартып алып кеткендер ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz

Сол күні сағат 17:00-де төрт адам Ақтөбеде «Жайсаңда» орналасқан үйге баса-көктеп кірген. Олар қару қолданып, серіктестіктің күзетшілерін ұрып-соққан.

Ақша толы сөмкені күштеп тартып алып кеткен. Ал сөмкеде 7 миллион теңге ақша болыпты.

Полицейлер екі күдіктіні бірден ұстады. Екеуі осы уақытқа дейін қашып жүрді. Оларға мемлекетаралық іздеу жарияланды. Жуырда полицейлер Ақтөбе қаласында іздеу жүргізіп, қалған екеуін тапты. Қазір Уақытша ұстау изоляторында отыр, – деді полицейлер.

Бүгінде тергеу жүргізіліп жатыр.