Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Дүкенде жанжалдасқан теміртаулық әйелдер көшеде төбелесе кеткен

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дүкенде жанжалдасқан теміртаулық әйелдер көшеде төбелесе кеткен
Фото: vgorode.ua

Теміртауда дүкенде екі әйел арасында жанжал шығып, көшедегі төбелеске ұласқан деп хабарлайды Paryz.kz

Оқиға 23 шілдеде болған.

Жәбірленуші 37 жастағы әйел дүкендегі кезекке байланысты ауызша ескертуінің арты көшедегі төбелеске ұласқанын айтқан.

Қылмыс жасаған адам жәбірленушінің денесіне зақым келтіріп, көзілдірігін, ұялы телефонын сындырған. Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 24 жастағы теміртаулық өз айыбын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.