Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Нұр-Сұлтанда 2 баланы анасына қайтармай қашып жүрген ер адам іздестіріліп жатыр

Елордадағы прокуратура қызметкерлері екі баланы анасына қайтармай, яғни сот шешімін орындамай қашып жүрген ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. 


 

Нұр-Сұлтанда 2 баланы анасына қайтармай қашып жүрген ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: Қазақпарат сайтынан

"Ж. атты азаматша өзінің бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Ана ретінде ол балаларын өзі қарауына алғысы келеді. Алайда бұрынғы күйеуі бұл ниетіне барынша кедергі келтіруде. Әйел алдымен сотқа жүгініп көргенімен оның бұл арызы қанағаттандырылмаған. Себебі қамқорлық құқығы әу баста ер адамға берілген", - деп хабарлайды Жеке сот орындаушыларының Нұр-Сұлтан қалалық палатасынан. 

Кейін аппеляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде алдыңғы сот шешімін өзгертіпті. Яғни психолог екі бала әкелерінен қысым көріп жүргенін, оларға ана тәрбиесі керектігін мәлім еткен. 

"Кейінгі үш жылда балалар әкесімен тұрып жатыр. Алайда соттың соңғы шешіміне сәйкес олар анасына қайтуы керек. Алайда ер адам бұл шешіммен мүлде келіспей, пәтерден пәтерге көшіп, балалардың анасы мен сот орындаушылардан қашып жүр. Қазір мәселен бұл істі қолға алған төртінші сот орындаушысы тығырыққа тіреліп тұр. Өйткені ер адамға қазір іздеу жарияланған. Қазір ер адамды прокурорлар іздеп жатыр", - делінген хабарламада.