Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралдық полицейлер қарасора тәркіледі

Орал  қаласының аумағынан  арнайы жабдықталған бөлмеде тыйым салынған өсімдіктерді өсірген Ресей Федерациясының азаматы ұсталды.

Оралдық полицейлер қарасора тәркіледі

Орал  қаласының аумағынан  арнайы жабдықталған бөлмеде тыйым салынған өсімдіктерді өсірген Ресей Федерациясының азаматы ұсталды.

– БҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 1985 жылы туған А деген азаматтың мекенжайын тексерді. Тексеріс барысында үй жағдайында құрамында есірткі бар өсімдік өсіруге  лайықталып жабдықталған  зертхана тауып алды.  Қылмыс орнынан қарасора  сортына келетін 8 бұта мен арнайы құрылғы тәркіленді, – деді БҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры  М. Аблазимов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы