Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Батыс Қазақстан облысында 400 тонна шөп өртеніп кетті

Өрт келесі күні таңертең толығымен жойылды.

Батыс Қазақстан облысында 400 тонна шөп өртеніп кетті
фото: дереккөз

Батыс Қазақстан облысында 400 тонна шөп өртеніп кетті, өрттің шығу себебі белгісіз деп хабарлайды Paryz.kz

«Мой город» сайтының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округінде дайындалған 400 тонна шөп өртенді. Өрт 12 сағат бойы сөндірілген.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 19.00-де Корын нүктесінде шөп өртене бастаған.

Дайындау орнының аумағында 400 тонна шөп өртенді, бұл шамамен екі мың орама. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында БҚО ТЖД сегіз қызметкері және ерікті өрт сөндіру құрамаларынан сегіз адам жұмыс істеді, – деп хабарлады БҚО ТЖД. 

Өрт келесі күні таңертең толығымен жойылды.

28 мамырда сағат 20.20-да Тасқала ауданы Мереке ауылдық округінде 125 тонна шөптің найзағай түсу салдарынан өртеніп кеткені хабарланған.