Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Павлодар облысында әйелді екі баласымен бірге өлтіріп кеткен

Сараптама тағайындалды.

Павлодар облысында әйелді екі баласымен бірге өлтіріп кеткен
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысы Ақсуда пәтерден пышақ жарақаты бар әйел мен екі баланың мәйіті табылды. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп, тексеру жүргізуде, деп хабарлады Paryz.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілде күні сағат 11:40-та Ақсу қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына облыстық Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы шықты. Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, тұрғындардан сұрастыруда, - дейді ПД.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.