Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодарда 38 жастағы ЖШС жұмысшысына ток соғып, қаза тапты деп хабарлайды Paryz.kz.
7 шілдеде сағат 13:54-те Павлодар қаласындағы ЖШС-нің бірінің аумағында 38 жастағы экструдоры трансформатордағы жұмыстарды орындау кезінде электр тогынан разряд алған. Оқиға салдарынан ол алған жарақаттан сол жерде қайтыс болды, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыдағы азық-түлік дүкендерінің бірінде ер адамды тоқ соғып өлтірген. Анықталғандай, бұл дүкендегі алғашқы жағдай емес. Сол жерде 36 жастағы сатушы да көз жұмған.