Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"Тұмсығымен шоқ тастайды": Қостанай өңірін қарғалар өртеп жүр екен

Ол туралы мәліметтерді ғаламтордан көптеп кездестіруге болады.

"Тұмсығымен шоқ тастайды": Қостанай өңірін қарғалар өртеп жүр екен
фото: ru.quizzclub.com

Осындай құбылысқа куә болған Қостанай облысының тұрғыны ЭК басылымының тілшісіне болған оқиғаны баяндап беріпті деп хабарлайды Paryz.kz

Биыл мамыр айында достарыммен Шеген ауылының маңындағы Тоқтабай деген жерге суға түсуге барған едім. Өзеннің арғы бетінде шөп өртеніп жатыр екен. Кенет біз тақай бергенде бергі жағадан да бірнеше жерден қызыл жалын бұрқ етті. Көліктен секіріп түсіп, өшіруге тырыстық. Оттың қайдан, қалай тұтанғанын білмей далмыз. Бір кезде қарасақ, қарғалар тұмсығына тістеген қып-қызыл шоқты бергі бетке тастап жатыр, — дейді Торғай кентінің тұрғыны Алмас Н.

Өз көзімізге өзіміз сенбедік. Кейін сұрастырып көріп едім, үлкен кісілер бұл жағдайды "қарға, сауысқан тәрізді құстар жылтыраққа үйір. Қызыл шоқты "қызығып" тістеп, ұясына апарғысы келеді. Бірақ тұмсығы күйген кезде тастай салады" деп түсіндірді. Үй өртенсе қарлығаш қанатымен су себеді дегенді естіп едім. Қарғалардың "қылығы" ойымнан әлі кетер емес, - дейді ол.

ЭК басылымының жазуынша, кей құстардың мұндай қаскөйлік жасай алатыны ғылыми дәлелденген. Ол туралы мәліметтерді ғаламтордан көптеп кездестіруге болады. Австралиялық орнитологтар қанатты жыртқыштардың отты қолдана алатынын әлдеқашан анықтаған. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, шөп арасындағы кеміргіштерді, жылан, кесірткелерді теріп жейтін құстар үшін өрт пайдалы, олар үшін олжа көбейеді. Сондықтан жыртқыш құстар жанып жатқан бұтақтарды тістеп алып, жаңа аумақтарға таратады.