Артынша жәбірленушілердің туыстары үндеу тастап, бұзақыларды қатаң жазаға тартуды талап еткен.
Қостанай облысы Рудный қаласында он адам екі жігітті жабылып ұрып тастаған. Полицейлердің айтуынша, жәбірленушінің бірі дүкенге жейдесіз кіріп, сондағы бір азамат оған ескерту жасаған деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір видеоны зерделеп жатырмыз. Тек содан кейін құқықтық баға беріледі. Оның үстіне жарақат алған азаматтардың ауруханадан шықанын күтеміз. Сараптама жасалуға тиіс. Соның нәтижесімен тағы бірнеше баппен іс қозғалуы мүмкін. Әзірге бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр, – деді Қостанай облыстық ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.
Оқиға 2 шілдеде түнде болған. Екі жігітті бір топ азаматтың жабылып тепкінің астына алғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған. Бейнежазбадан екі жігіттің оңбай таяқ жегені көрінеді. Артынша жәбірленушілердің туыстары үндеу тастап, бұзақыларды қатаң жазаға тартуды талап еткен. Біреуінің миы шайқалып, екіншісінің жағы сынып, аурханада жатыр. Ал өзінен 5-6 жас үлкен жігіттерді сабаған - 17-19 жас аралығындағы азаматтар. Олардың төртеуі күдікті ретінде тергеліп жатыр.