Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде бір айда 27 бала суға батып, қаза тапқан

Шомылу маусымы кезінде сақ болу үшін халық арасында 323 мыңнан астам буклет пен парақша таратылған.

Елімізде бір айда 27 бала суға батып, қаза тапқан
фото: ашық дереккөз

Шомылу маусымы басталғаннан бері елімізде 72 адам, оның ішінде 27 бала суға кеткен деп хабарлады Paryz.kz, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері суға шомылған 72 адам, оның ішінде 27 бала көз жұмды. Суға кеткендердің ең көп дерегі Түркістан (14), Қызылорда (8), Алматы (7) және Шығыс Қазақстан (7) облыстарында тіркелді. Құтқарушылар мен полицейлер суға кеткен 59 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып қалды, - делінген хабарламада.

Шомылу маусымы кезінде сақ болу үшін халық арасында 323 мыңнан астам буклет пен парақша таратылған. Азаматтармен 2 мыңға жуық жиын өткізілген. Профилактикалық жұмысқа 5600-ге жуық волонтер тартылыпты.