Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады

Полицияның мәліметінше, ауыл жастарының арасында текетірес болған.

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысы Саудакент ауылында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады деп хабарлайды Paryz.kz, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оқ тиген 20 мен 24 жас аралығындағы жігіттер Сарысу аудандық ауруханасына жеткізілді. Полицияның мәліметінше, ауыл жастарының арасында текетірес болған. Кикілжіңнен кейін  күдікті бір топ жігітті 16-шы калибрлі қарумен атқан. Шамамен 30 метр жерден атылған бытыра 5 жігітке тиген.

Оқ екеуінің аяғын, біреуінің ішін жаралаған. Үшеуі қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал қалған екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Оқ екеуінің де басына тиіп, біреуінің миына қан құйылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.