Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нұр-Сұлтанда ер адам дүкен сатушысын кепілге алған (ВИДЕО)

Бірақ ер адам пышақпен өзін зақымдап үлгерді, ол кеудесіне пышақ қадаған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

Нұр-Сұлтанда ер адам дүкен сатушысын кепілге алған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтанда қолында пышағы бар адам дүкен сатушысын кепілге алды деп хабарлайды Paryz.kz, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгісіз ер адам дүкенге баса-көктеп кіріп, 28 жастағы сатушыны пышақпен қорқытып, оны көшеге алып шыққан. Осы уақытта оның серіктесі іште қалды, одан қаскөй пышақпен қорқытып, дүкеннің кілттерін талап етіп алған, содан кейін сол қызбен бірге есікті іштен жауып алады. Қарақшымен жалғыз қалған 26 жастағы сатушы қауіпсіздік пультіндегі дабыл батырмасын басып үлгерген, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дүкен жеке тұрған екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Полиция қызметкерлері мән-жайды бағалап болған соң, есік арқылы ер адаммен келіссөздер жүргізе бастады. Ол өте агрессивті әрі мас болған.

Күдікті қолында ас үй пышағын ұстап, сатушыға және өзіне пышақ саламын деп қорқытқан. Әр минут маңызды болды, өйткені сатушының өміріне қауіп төнді. Сондықтан полиция қызметкерінің бірі дүкенге екінші есіктен кірді. Күдікті сөзге алданған сәтте жәбірленуші одан ақырындап қашықтай бастады, сол кезде полиция қықзметкері құрбанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қаскөйді ұстады, - деп хабарлады полициядағылар.

Бірақ ер адам пышақпен өзін зақымдап үлгерді, ол кеудесіне пышақ қадаған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.